ШҚО-да жел екпіні күшейеді

598
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының шығысында тұман түсіп, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжануда.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.