ШҚО-да жел екпіні күшейеді

330
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрып, батыста және оңтүстікте бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел қарқыны - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, түнде оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел - 15-20, оңтүстікте, батыста, солтүстікте екпіні - 23-28 м/с, кейде 30 м/с асады.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с жетеді деп болжануда.