ШҚО-да жел екпіні күшейеді

360
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел болады.
 Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, тұман болжанады. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.