ШҚО-да жел екпіні күшейеді

399
көрілім
Шартты фотосурет

Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл болып, солтүстігінде, солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік жүреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.

Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.