Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте – тұман түсіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте – шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман, күндіз оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады деп болжануда.
Күндіз Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.