Ел аумағының басым бөлігі әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалында болуына байланысты күн райы құбылып тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, облыстың батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді деп болжануда.