Бүгін республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, батыста, шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі, күндіз солтүстік-шығыста, орталықта жел қарқыны - 15-20 м/с жетеді деп болжануда.