Бүгін еліміздің солтүстігінде, оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, кей өңірлерде жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қазақстанның шығыс жартысында күн жауын-шашынсыз болады.
Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда өңірлерінде жел екпіні күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында қатты ыстық болады деп болжануда.