Бүгін еліміздің кей аймақтарында жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жел екпіні күшейіп, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде - 15-20 м/с.