ШҚО-да жел екпіні күшейеді

364
көрілім

Бүгін еліміздің басым бөлігінің ауа райын Солтүстік-Батыс циклоны анықтайды, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республиканың бірқатар аумағында желдің күшеюі, орталық бөлігінде дауыл, оңтүстік-шығыста тұман түсуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
 Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, Павлодар облысында екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.