ШҚО-да жел екпіні күшейеді

358
көрілім

Бүгін ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.
Синоптиктер мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.