ШҚО-да жел екпіні күшейеді

333
көрілім

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті республика аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тек Қазақстанның шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді деп күтілуде.