ШҚО-да жел екпіні күшейеді

388
көрілім

Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыста түнде көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.