Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар, оңтүстік, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батысында көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-шығысында өте қатты жел күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледі. Бұдан бөлек, синоптиктер ШҚО-да таңертең және күндіз жел екпіні 23 м/с күшейеді деп болжауда.