Республика аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде қатты қар жауады, тек батысында антициклон ықпалымен жауын-шашын күтілмейді.
Павлодар облысы, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, ел екпіні 25 м/с жетеді.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.
ШҚО-да жел жылдамдығы күндіз 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал.