Бүгін циклон солтүстік-шығысқа жылжып, республиканың басым бөлігіне ықпал етуіне байланысты атмосфералық ағындар кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нөсер жауын алып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын соғады.
Синоптиктер болжамынша, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі.