Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елімізде ауа-райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, батыста нөсер жауады. Тек оңтүстікте күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, батыста шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.