Республика бойынша бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстік – батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы күтіледі.
Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа артуы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.