ШҚО-да жел екпіні күшейеді

450
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының батыс бөлігі антициклонның ықпалында болуына байланысты көптеген өңірлерде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжауда.