Антициклон әсерінен бүгін еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ал еліміздің қалған аумағында ауа райын Оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с-қа күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, түнде Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады.
shkoda_zhel_ekpini_kusheyedi_36
59