ШҚО-да жел екпіні күшейеді

640
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің солтүстік аймақтарына циклон жырасы әсер етуіне байланысты аздаған жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Тек батыс пен шығыста антициклон ықпал ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, солтүстігінде тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында қатты дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.