Республика территориясы жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік батысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 20-25м/с күшейеді деп күтілуде.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, Жамбыл, Түркістан облыстарында жел екпіні 23 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал.
Синоптиктер күндіз ШҚО, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.