Бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, кей өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер тек еліміздің оңтүстігі мен батысында жауын-шашын болмайды деп болжауда.
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыста кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа күшейіп, дауыл соғады деп күтілуде.
Түнде кей аймақтарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20 м/с күшейіп, екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.