ШҚО-да жел екпіні күшейеді

687
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Тек еліміздің оңтүстік аймақтарында жоғарғы қысым аумағының әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Синоптиктер республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді деп болжауда.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, күндіз Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.