ШҚО-да жел екпіні күшейеді

413
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклонға байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен найзағайлы жаңбыр немесе кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады деп болжауда.