Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты құбылмалы, тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп болжауда. Республиканың кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауып, жел күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл көтеріліп, бұршақ жауады. ШҚО-да күндіз жел жылдамдығы - 25 м/с-ке жетуі ықтимал.