Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің тек солтүстігі мен оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың кей жерлерінде жел соғып, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл болжанады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында дауыл, бұршақ болады. Кей жерлерде желдің күші 15-20, 23-28 м/с артады деп күтілуде.
Синоптиктер Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 17-22, 25 м/с жетіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде.