ШҚО-да жел екпіні күшейеді

445
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың солтүстігінде, орталығында, батысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, еліміздің шығысы пен оңтүстігінде күн райы ашық болады. Солтүстікте, батыста және оңтүстік-шығыста жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, оңтүстік-шығыста және батыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Бірқатар өңірлерінде жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейіп, таулы аймақтарында бұршақ жауыы күтіледі.