Бүгін елімізде күн райы ашық болып, бірқатар өңірлерде күн ысиды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігі әлі жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық әрі желді болмақ. Тек еліміздің солтүстік пен солтүстік-шығысында циклон ықпалынан кей жерлерде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін.
СҚО-ның кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с жетсе, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
ШҚО, Қарағанды және Қостанай өңірлерінің кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.