ШҚО-да жел екпіні күшейеді

614
көрілім
Шартты фотосурет

Синоптиктердің болжауынша, бүгін республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің қалған бөлігінде күн райы ашық болады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысында күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтмиал.