Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыста және орталықта тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл күтіледі, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.