ШҚО-да жел екпіні күшейеді

308
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, тек оңтүстік аудандарда жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы күтіледі.