Циклон ықпалында болуы байланысты бүгін республика аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, бірқатар өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал, тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таңға жақын тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжануда.