Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек еліміздің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындары бөліктердің өтуі әсерінен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұруы күтіледі.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.