Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен оңтүстік-шығыста таулы аудандарда, батыста, шығыста және орталықта найзағайлы жаңбыр жауып, күндіз батыста нөсер жауады.
Синоптиктер болжамынша, елімізде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, бат оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ, солтүстік пен орталықта тұман түсуі мүмкін.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, орталығында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста найзағай жарқылдап, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.