Атмосфералық ауа ағындардың өтуімен, ҚР солтүстік-батысында, солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталығында жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде - тұман, солтүстік, шығыс және орталығында - бұршақ күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында – найзағай, түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Дауыл күтіліп, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында - найзағай, түнде облыстың солтүстік-шығысында – тұман түседі.