ШҚО-да жел екпіні күшейеді

306
көрілім
Шартты фотосурет

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, елдің солтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысында жел 15-23 м/с артып, облыстың оңтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болжанады. Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-23 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.

Синоптиктер Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады деп болжауда.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде , солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.