Мәскеу аудандарынан жылжып жатқан солтүстік-батыс антициклонның ықпалынан республика аумағының басым бөлігі әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, олар көктайғақ құбылыстарымен бірге болады.
Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жел күшейіп, түңгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Синоптиктер ШҚО-ның батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.