Бүгін антициклон республиканың батыс жартысына әсерін сақтайтындықтан күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстанның кей аумақтарында қар, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрып, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
ШҚО-ның солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түсіп, облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжануда.