Бүгін еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтауынан жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады деп болжануда.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.