ШҚО-да жел екпіні күшейеді

294
көрілім

Республиканың басым бөлігі әлі де атлантикалық циклонның ықпалында болғандықтан бірқатар аймақтарда қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз республиканың шығысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың басым бөлігінде - көктайғақ, күшті жел, бұрқасын, көктайғақ, батысында - тұман сақталады.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.

Шығыс Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында жел жылдамдығы 23-28 м/с жетіп, батысында, солтүстік және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі.