ШҚО-да жел екпіні күшейеді

546
көрілім
Шартты фотосурет

Солтүстік-батыс циклон еліміздің батыс өңірлері арқылы жылжып, қар аралас жаңбыр, көктайғақ және жаяу бұрқасын алып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел жоғары жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының батыс жартысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз – көктайғақ болып, облыстың оңтүстігінде – тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының батысында-жел 15-20 м/с күшейеді.