ШҚО-да жел екпіні күшейеді

357
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстік-батысында желдің 18 м/с күшеюі ықтимал.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Синоптиктер ШҚО-ның солтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, кей аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деп болжауда.