Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде бұрқасын, тұман болып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Түнде Павлодар облысының шығысында және орталығында көктайғақ болып, облыстың батысында, солтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с, түнде солтүстігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады деп болжауда.