ШҚО-да жел екпіні күшейеді

298
көрілім

Бүгін республика аумағында көктайғақ болып, тұман түсіп, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қостанай облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың шығысында тұман түседі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Түнде Қарағанды облысының батысында, орталығында, шығысында жаяу бұрқасын, облыстың батысында және орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді деп болжануда.