ШҚО-да жел екпіні күшейеді

437
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болжанады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, облыс орталығында жел 15-20 м/с артады деп болжады синоптиктер.