Бүгін республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с артады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында жел екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал.