ШҚО-да жел екпіні күшейеді

528
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында тұман күтіледі, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде  көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде жаяу бұрқасын соғады деп болжануда.