ШҚО-да жел екпіні күшейеді

589
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік пен шығыста бұрқасын, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз шығысында екпіні 23-28 м/с болады деп болжануда.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Шығысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 м/с-қа жетіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.