ШҚО-да жел екпіні күшейеді

492
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, елдің солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болып, түнде батысы, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде жел екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын соғуы күтіледі.